ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫНДАРҒА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫНДАРҒА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Шымкент қаласында «өрт қауіпсіздік айлығы» өтуде. Осы іс-шара аясында Әл-Фараби ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері күн сайын тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, профилактикалық рейд ұйымдастырып отыр.
 
Түсіндірме жұмысы үшін арнайы комиссия құрылған. Оның құрамына аудан әкімдігінің, газ техникалық қызметі мен «ҚазТрансГазАймақ» және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің мамандары енді.
Олар жеке тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлерді аралап, үйдегі жылыту және газ құралдарын қолданылуына мониторинг жүргізді. Өрт қауіпсіздігін сақтамаған тұрғындарға мамандар өрттің алдын алу және жабдықтарды қолдануда ережелерді қатаң сақтауды ескертті.
 
Сонымен қатар, азаматтарға табиғи және улы газдың иісін байқағанда бірінші кезекте қандай іс-қимылдарды жасау керектігі де түсіндірілді.
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі