
Байқауға қаланың бес ауданынан 48 отбасы қатысып, нәтижесінде 12 отбасы қалалық кезеңнің финалына жолдама алды.
Бас жүлдеге Абай ауданынан қатысқан Қожамжаровтар әулеті ие болып, 1 млн теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды. Қожамжаровтар әулеті – білім мен тәрбиеге ерекше мән беретін өнегелі отбасы.
Әулет басшысы Сейдахмет Қожамжаров ұзақ жылдар бойы педагог болып еңбек еткен. Жұбайы Зылиха Пернебековамен бірге 10 бала тәрбиелеп өсірген. Бүгінде әулеттің бірнеше буыны білім беру, ғылым, медицина, өнер, спорт және қоғамдық қызмет салаларында еңбек етіп келеді.
Сонымен қатар, Абай ауданынан Қонарбаевтар мен Мырзахметовтер әулеттері финалист атанды. Қожамжаровтар әулеті Шымкент қаласының атынан байқаудың республикалық кезеңіне қатысады. Ұлттық байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 11 қыркүйекте Астана қаласында өтеді.