АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Абай ауданы ауданының әкімі Бұхарбай Парманов «Көкбұлақ» тұрғын алабының тұрғындарымен инфрақұрлым және интернет мәлелері бойынша кездесіп, тұрғындардың өтініш тілектеріне жауап берді.

Кездесуге қалалық Цифрландыру басқармасының басшысы Абдраханов Әсет және Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қатысты.

Кездесу барысында Энергетика басқармасы тарапынан жүргізіліп жатқан ауыз су жүйесінің құрылысының аяқталуы туралы айтылып, жол бойында қазылған жерлердің барлығы мердігер мекеме тарапынан қалпына келтірілетіндігі жеткізілді.

Сонымен қатар, Цифрландыру басқармасы тарапынан базалық станцияның орнату жұмыстары желтоқсан айында аяқталып, интернет желісіне қосатындығы айтылды.

Жиын соңында аудан әкімі Б.Парманов елді мекенде атқарылып жатқан жұмыстар аудан әкімдігінің бақылауында болатындығын жеткізді.