УДАН ӘКІМІ " СИТУАЦИЯЛЫҚ" ОРТАЛЫҚТЫҢ" ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

УДАН ӘКІМІ " СИТУАЦИЯЛЫҚ" ОРТАЛЫҚТЫҢ" ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қалалық Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов ситуациялық IKomek орталығында болды.
Тұрғындардың өтініштерін қабылдауға, орын алған жайттарды, апаттарды, коммуналдық және жедел қызметтер жұмысын үйлестіруге бағытталған орталықта Абай ауданы бойынша тіркелген өтініштермен танысқан аудан әкімі, туындаған мәселелерді бірлесе отырып шешуге әрқашан дайын екендігін жеткізді.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Айтеновтың тапсырмасына сәйкес тұрғындарды мазалаған сұрақтарын дер кезінде шешу мақсатында құрылған ситуациялық iKomek орталығы сіздерге тәулік бойы көмек көрсетуге әзір!

Құрметті қала тұрғындары!


Туындаған мәселелер бойынша біздің бірыңғай тегін 109 нөміріне немесе әлеуметтік желідердегі қосымшалар арқылы хабарласа аласыздар.