
Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 3 маусымдағы № 282 бұйрығы 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енеді.
🏡 1. Жеке үй иелерінің міндеттері
* Қасбет, қақпа, қоршауды жөндеп, сырлап, таза ұстау.
* Үйде нөмірлік белгінің болуын қадағалау.
* Учаскені ретте ұстау.
* Іргелес аумақтағы қоқысты тазалау.
* Арамшөпті шабу, жасыл желектерді күтіп-баптау.
* Іргелес аумақты қалдыққа толтырмау.
⛔ *Тыйым салынады:*
Іргелес аумақта құрылыс материалдарын, отынды, тыңайтқыштарды, қоқыс пен басқа заттарды, сондай-ақ көліктерді, тіркемелер мен айырылған автокөліктерді сақтауға болмайды.
🗑️ 2. Қоқыс мәселесі
* Қоқысты рұқсат етілмеген жерлерге тастауға тыйым салынады.
* Қоқыс тастаған адам өз есебінен тазалап, қажет болса нысанды қалпына келтіреді.
* Құрылыс қалдықтарын контейнер алаңдарына тастауға болмайды.
* Олар арнайы белгіленген орындарға шығарылуы керек.
* Қоқыс жағуға және ашық от жағуға (қоқыс, жапырақ, шөп т.б.) қатаң тыйым салынады.
📍 3. Іргелес аумақ деген не?
Іргелес аумақ — ғимаратқа, құрылысқа, қоршауға, құрылыс алаңына, сауда немесе жарнама нысандарына және басқа да нысандарға периметрі бойынша 5 метр шегінде орналасқан аумақ.
* Иелері немесе жалдаушылары осы аумақты таза ұстауға және қажет болған жағдайда арнайы ұйымдарды тартуға міндетті.
🐕 4. Ит иелеріне қойылатын талаптар
* Үй жануарларын серуендетуге арналған арнайы аумақтар белгіленеді.
* Үй жануарларын иелері өз жануарларының нәжісін жинауға міндетті.
🚗 5. Ауладағы тұрақ
* Көгалға көлік қоюға жол берілмейді.
* Тротуарларда, балалар алаңдарында, жасыл аймақтарда және контейнер алаңдарының маңында көлік қоюға болмайды.
* Өту жолдарын бөгейтін бөгеттер мен құрылғылар орнатуға тыйым салынады.
* Белгіленбеген жерлерге көлік қоюға болмайды.
🏗️ 6. Құрылыс нысандарында қойылатын талаптар
* Құрылыс алаңы таза әрі қоршалған болуы керек.
* Кірме жолдар қатты жабындымен қамтамасыз етіледі.
* Құрылыс материалдары мен жабдықтары арнайы белгіленген жерде сақталуы тиіс.
* Жолға немесе жаяу жүргіншілер аймағына материал шығаруға болмайды.
✅ 7. Жалпы талаптар
* Қалалар мен елді мекендерді абаттандыру ережелерін сақтау барлық тұрғындарға міндетті.
* Тазалық сақтау – ортақ жауапкершілік.
* Абаттандыру объектілеріне зиян келтіруге тыйым салынады.
* Барлық талаптарды сақтай отырып, таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыру қажет.