
Абай ауданы әкімі аппараты тарапынан Асар шағын ауданы Жейхун көшесі бойындағы 30 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттеріне безендіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстар қаланың түнгі көркін арттырып, шағын ауданның сәулеттік келбетін айшықтай түседі.
Жарықтандырудың жаңа элементтері үйлердің архитектуралық ерекшеліктерін айқындап, кешкі уақытта Асар шағын ауданын ерекше әрі көрікті етіп көрсетеді.