
Аудан әкімі аудан аумағындағы Ақжайық шағын ауданында жүргізілген абаттандыру жұмыстарының нәтижесімен танысты.
Атап айтқанда, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын жарықтандыру жұмыстары мердігер мекеме тарапынан толық аяқталды.
Жоба аясында 98 жарық бағанасы орнатылып, тұрғындардың кешкі уақытта қауіпсіз әрі қолайлы қозғалуына жағдай жасалды.
Бұл өз кезегінде аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Алдағы уақытта да аудан аумағында инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасатын болады.