
Көрісу күні – халқымыздың ежелден келе жатқан ізгі дәстүрі. Бұл күні адамдар бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасып, үлкендерге құрмет көрсетіп, ақ батасын алады.
Мереке қарсаңында ата-әжелерімізді мектеп ұжымы жылы қарсы алып, құрмет көрсетті. Іс-шара барысында ұлттық дәстүрлер дәріптеліп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету жөнінде тағылымды әңгімелер айтылып, мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.