Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша брифинг өтті

Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша брифинг өтті

Бүгін жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.

Брифинг барысында 2025 жылы аудан аумағында атқарылған жұмыстардың негізгі нәтижелері баяндалып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, инфрақұрылымды дамыту, коммуналдық саланы жетілдіру, абаттандыру және жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту бағытында жүзеге асырылған жобалар туралы кеңінен ақпарат берілді.

Сонымен қатар, аудан аумағында әлеуметтік нысандарды дамыту, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инженерлік жүйелерді жаңарту және санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізу бағытында атқарылған жұмыстар атап өтілді.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі жетілдіру мақсатында 2026 жылға бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды іске асыру жоспарланып отырғаны жеткізілді.