Аудан аумағында көше жарық шамдарын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

Аудан аумағында көше жарық шамдарын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

Абай ауданы аумағында көше жарықшамдарының жұмысын қалпына келтіру бойынша тиісті зерделеу және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында анықталған ақаулар мердігер мекеме тарапынан жедел түрде жойылды. Қазіргі таңда аудан аумағындағы көше жарықтандыру жүйелері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болады.