Қар тазалау жұмыстары жүргізілді

Қар тазалау жұмыстары жүргізілді

Аудан аумағында қысқы мезгілдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қар тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Тазалау жұмыстары арнайы техникамен және қол күшімен жүргізіліп, негізгі көшелер, жолақтар, жаяу жүргіншілер жолдары, сондай-ақ ағаштардағы қарлар тазартылды. Іс-шара барысында жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтау және тұрғындардың еркін жүріп-тұруына жағдай жасауға баса назар аударылды.