
Бүгін аудан әкімдігінде аудан әкімінің төрағалығымен, қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты бақылауда ұстау және алдын алу шараларын күшейту мақсатында құзырлы органдардың қатысуымен арнайы жиын өтті.
Кездесу барысында аудан аумағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатысты өзекті мәселелер талқыланып, профилактикалық жұмыстарды жүйелеу және тұрғындармен өзара байланыс орнату бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.
Аудан басшысы барлық мекемелердің үйлесімді жұмысының маңыздылығын атап өтіп, ахуалды тұрақты бақылауда ұстау бойынша міндеттерді нақтылады.