
Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 11 қарашадағы №4907 қаулысымен бекітілген Шымкент қаласында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған «Іскер қала» іс-шаралар жоспарын бекіту туралы қаулысына сәйкес Абай ауданы аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелерін ораластыру орындарын айқындау бойынша конкурс өткізу туралы
Өтініштерді қабылдау: 2025 жылғы 11 және 20 қараша аралығы.
Қатысуға өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады: Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы 60, Абай ауданы әкімінің аппараты, анықтама үшін телефон: +7 (7252) 53-03-16. Конкурсқа қатысуға өтінімдер (конкурстық өтінім) 2025 жылғы 20 қараша сағат 17:30-ға дейін қабылданады.
Конкурсқа жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қатысушы мөрленген, жабық конвертте тапсырады. Конвертте көрсетілуі керек: қатысушы туралы мәліметтер (кәсіпкерлік субъектісі), байланыс ақпараттары, берілген күні. Өтінім тігілген және нөмірленген болуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінім келесі құжаттардан тұрады:
1) конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтініш;
2) өтініш берушінің немесе өкілінің сенімхат бойынша жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) ұйымның нысанын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке кәсіпкер мен шаруа қожалығы – тіркеу туралы куәлік/талон, заңды тұлға – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік);
4) эскиздік жобаның көшірмесі немесе стационарлық емес сауда объектісінің фотосуреті (нысанның размері жер телімімен сәйкес болуы шарт);
5) өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері (тауар өндірушімен екі жақты келісім шарттардың көшірмесі, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін жер учаскесінің болуы туралы мәліметтер және т.б.);
6) салық органының салық берешегінің жоқтығы (болуы) туралы анықтама.
Бірнеше орынға өтінім беруге қатысқан жағдайда, әрбір орынға жеке өтінім беріледі.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға тапсырылған өтінімдерде қамтылған мәліметтер және ақпараттың құпиялылығын конверттерді ашқанға дейін оның жабық түрде сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Қатысушы өтінімді конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды және оны ұсынған тұлғаларға қайтарылады. Берілген өтінімдерді өзгертуге рұқсат етілмейді.
Конкурстық құжаттама танысу үшін электрондық түрде https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-abai?lang=kk ресми сайтында жарияланған.
Конкурстың қорытындысы конкурс комиссиясының отырысы өткеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Шымкент қаласы әкімдігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-abai?lang=kk ресми сайтында жарияланады.
Шымкент қаласы, Абай ауданындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелері
|
№ |
Күрделі құрылыс емес сауда объектілерін орналастыру орындары (дүңгіршек) |
Алаңы (шаршы метр, размері) |
Қызмет саласы |
Жүзеге асыру мерзімі (жыл) |
|
1. |
Өзекті көшесі Шымкент қаласының білім басқармасының «№137 жалпы орта білім беретін мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК оң жағы |
30 (6х5) |
ӘМАТССН |
1 |
|
2. |
Т.Өтегенов пен Ә.Бектаев көшелерінің қиылысы |
30 (6.67х4.50) |
ӘМАТССН |
1 |
|
3. |
Тұрлан шағын ауданы, М.Тореза көшесі №15 көпқабатты тұрғын үйдің оң жағы |
30 (6.67х4.50) |
ӘМАТССН |
1 |
|
4. |
Тұрлан шағын ауданы, Ш.Есенов көшесі №636 «Жас Отау» көпқабатты тұрғын үйдің сол жағы |
30 (6.67х4.50) |
ӘМАТССН |
1 |
|
5. |
Асар-2 шағын ауданы, №14 көпқабатты тұрғын үйдің оң жағы |
30 (6.67х4.5) |
ӘМАТССН |
1 |
|
6. |
Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Шымкент қаласының білім басқармасының «№83 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ алдыңғы жағы |
30 (7.5х4.0) |
ӘМАТССН |
1 |