«Asar House» тұрғын үй кешенінде жол инфрақұрылымы жақсартылды

«Asar House» тұрғын үй кешенінде жол инфрақұрылымы жақсартылды

«Asar House» тұрғын үй кешенінің тұрғындарының өтініштерін ескере отырып және қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, А-2 магистралдық автожолынан тұрғын үй аулаларына кіріп-шығуға қолайлы жағдай жасау мақсатында жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аталған бағытта арнайы техника тартылып, жол төсеміне сапалы асфальт қабаты төселді. Бұл жұмыстар тұрғындардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, көлік қатынасын жеңілдетуге және тұрғын үй аумағына кіру-шығудың ыңғайлылығын арттыруға бағытталған.

Жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша бұл шаралар қала аумағында тұрмыс сапасын арттыруға және қолайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған кешенді жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.