Мемлекеттік қызметтегі этика: Абай ауданында семинар-кеңес ұйымдастырылды

Мемлекеттік қызметтегі этика: Абай ауданында семинар-кеңес ұйымдастырылды

Абай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері үшін арнайы семинар-кеңес ұйымдастырылды. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мұратжан Акишев пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Сейдахмет Забиров қатысып, мемлекеттік қызметтегі этика нормаларын сақтау мәселесіне тоқталды.

Семинар барысында “Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары” тақырыбындағы, яғни әкімшілік ресурстарды заңсыз пайдалану, азаматтарға дөрекілік көрсету, жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлық, қызметтік қарым-қатынас әдебі, мүдделер қақтығысы, әлеуметтік желілердегі әрекет, құмар ойындарға тәуелділік, іскерлік этикет және ресми іс-қимылға қатысты мәселелер жан-жақты қамтылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби жауапкершілігі мен әдеп нормаларын бұзған жағдайда туындайтын құқықтық және тәртіптік салдарлар туралы нақты түсіндірме берілді. Семинар соңында қатысушылар тақырыпқа қатысты сұрақтарын қойып, пікір алмасты.