Абай ауданы әкімі аппараты мен Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы, сондай-ақ Дене шынықтыруды дамыту және іс-шаралар өткізу дирекциясының ұйымдастыруымен Асар шағын ауданында жасөспірімдер арасында спорттық ойын-жарыстар өтті.
Іс-шараның басты мақсаты — жастарды салауатты өмір салтына баулу, бұқаралық спортты дамыту және спорт арқылы достық пен ынтымақтастықты нығайту.
Жарыс соңында қатысушылар алғыс хаттармен және медальдармен марапатталды.