Аудан тұрғындарымен қабылдау өткізілді

Аудан тұрғындарымен қабылдау өткізілді



Бүгін аудан әкімі Шәкір Асылханұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында әлеуметтік көмек, балалар ойын және спорт алаңшаларын салу, лотоктар мәселесі және басқа да өзекті сұрақтар көтерілді.
Аудан әкімі әр мәселені мұқият тыңдап, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Барлық өтініштер заң аясында қаралып, шешім қабылданатын болады.