1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, аудан әкімі Шәкір Асылханұлы ғасыр жасаған әжелеріміздің шаңырағына арнайы барып, ілтипат білдіріп, сый-құрмет көрсетті.
Ақылдың кені, берекенің бастауы болған қазыналы қарияларға көрсетілген бұл құрмет — ұрпақтың үлкенге деген ізеті мен өнегелі тәрбиесінің айқын көрінісі.
Бұл игі шара қарияларымыздың көңілін марқайтып, олардың қоғамдағы орны әрдайым биік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Елге үлгі, ұрпаққа өнеге болған ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға көрсетілген шынайы құрмет — ұлттық болмысымыздың айнасы іспетті.
Салтанатты кездесу барысында қариялар жүрекжарды ақ тілектерін арнап, ақ баталарын берді.