Абай ауданы аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бірқатар кешенді іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Абай ауданы аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бірқатар кешенді іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Абай ауданы аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бірқатар кешенді іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, түнгі ойын-сауық орындарында және қоғамдық орындарда қылмыстардың, соның ішінде бұзақылық пен тонау фактілерінің алдын алу бойынша рейдтік тексерістер өткізілді.

Сонымен қатар, заңнама талаптарына сәйкес алкоголь өнімдерінің тыйым салынған уақыттарда сатылуына жол бермеу мақсатында мониторинг жүргізілді. Тексеру барысында анықталған заңбұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданып, құқық бұзған тұлғаларға заң аясында жауапкершілік жүктелді.

Аталған жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.