Аудан әкімінің орынбасары Ажедин Мейіржан Ғаниұлының қатысуымен өткен кездесу барысында Түркістан көшесінің бойындағы бұрынғы балабақша орнына тұрғындардың демалуына арналған саябақ немесе қоғамдық кеңістік салу жөнінде ұсыныс айтылды.
🔷Қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша тұрғындармен бірлескен зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қала әкімінің көшпелі кездесуінде Самал-3 шағын ауданындағы Сазтөбе және Қазақ ордасы көшелерінің тұрғындары көтерген өтініштер негізінде тиісті жұмыстар атқарылуда.
🔹Ақжайық шағын ауданындағы Ипподромная көшесінің тұрғындары көтерген мәселелер де назардан тыс қалған жоқ – олар бойынша да нақты шаралар қабылдануда.