Аудан әкімі Шәкіо Асылханұлы ауданды аралау барысыныда “Солтүстік-батыс” шағын ауданы, “Жиделі” ш/а, “Көкбұлақ” ш/а, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабы және “Игілік” ш/а сынды елдімекендерді аралап, тұрғындармен кездесті.
Атап айтқанда, “Көкбұлақ” тұрғын алабында өткен кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Халық тарапынан жол сапасы, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйі және көше жарығымен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.
Аудан басшысы тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдап, әрбір мәселе бойынша жауапты сала өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар, көтерілген мәселелердің орындалу барысы өз бақылауында болатынын айтып, тиісті жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.