Аудан әкімі Шәкір Сұлтанхан Солтүстік Батыс шағынауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан тұрғындары жолдың сапасы, инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, жарықпен қамтамасыз ету және басқа да өзекті мәселелерді көтерді.
Аудан басшысы әрбір көтерілген мәселені тыңдап, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, бұл мәселелердің жақын арада шешілуін қамтамасыз етуді жүктеді.