Аудан әкімі Шәкір Асылханұлы тұрғындарды кезекті жеке қабылдауын өткізді

Аудан әкімі Шәкір Асылханұлы тұрғындарды кезекті жеке қабылдауын өткізді

 Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.

Атап айтқанда аллея салу, коммуналдық төлемдер,
инфрақұрылым жағдайы, кәсіпкерлікті дамыту,
абаттандыру жұмыстары, канализация жүйесінің мәселелері, табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі.

Аудан әкімі әрбір көтерілген мәселе бойынша тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, кейбір сұрақтарды сол мезетте шешу жолдарын қарастырды. Қабылдау нәтижесінде тұрғындар көтерген мәселелер бақылауға алынды.