ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ СУРЕТ КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ СУРЕТ КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерекесіне орай “Қайнарбұлақ” мәдениет үйінде сурет көрмесі өтті.

Іс-шараға №149, №125 мектептердің ұстаздары мен оқушылары белсене қатысып, өз қолдарымен салған туындыларын көпшілік назарына ұсынды.

Абай ауданы әкімінің орынбасары Шамау Нұртас Мейрамбекұлы іс-шараға белсенділікпен қатысқан ұстаздар мен оқушыларды алғыс хатпен марапаттап, олардың шығармашылық еңбектерін жоғары бағалады.

Көрменің мақсаты:
– Жас ұрпаққа Ата Заңымыздың маңызын ұғындыру;
– Конституциялық құндылықтарды өнер арқылы насихаттау;
– Азаматтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

Көрмеге қойылған оқушылар мен жас суретшілердің әрбір туындысынан тәуелсіздік, заң үстемдігі, бірлік пен бейбітшілік идеялары анық көрініс тапты.