Бүгінгі күні интернеттегі алаяқтық кең таралған қылмыс түріне айналды. Алаяқтар жеке деректерді ұрлап, банк карталарынан ақша жымқыру немесе жалған тауарлар мен қызметтер арқылы азаматтарды алдап соғуы мүмкін. Мұндай әрекеттердің алдын алу үшін төмендегі алғашқы қауіпсіздік шараларын ұстану қажет:
1. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. Танымайтын адамдардан келген хаттардағы немесе хабарламалардағы сілтемелерді ашпаңыз.
2. Жеке деректерді жарияламаңыз. ЖСН, банк картасы нөмірі, CVV-код және SMS-кодтарды ешкімге бермеңіз.
3. Тексерілген сайттарды пайдаланыңыз. Онлайн сатып алуда ресми және сенімді сайттарды таңдаңыз.
4. Қос факторлы аутентификацияны қосыңыз. Бұл аккаунтыңызды қосымша қорғауға көмектеседі.
5. Антивирусты жаңартып отырыңыз. Компьютер мен смартфоныңызда қауіпсіздік жүйесі орнатылғанына көз жеткізіңіз.
6. Бейтаныс адамдармен қаржылық операция жасамаңыз. Әлеуметтік желілерде немесе мессенджерлерде ұсынылған "оңай табысқа" сенбеңіз.