"БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ АЛГОРИТМІ" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТАНЫМДЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ АУДАНЫМЫЗДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Шиелі ауданы бойынша білім бөліміне қарасты орта білім беру ұйымының директорлары, тәрбие орынбасарлары, мектепке дейінгі тәрбие бағыты бойынша меңгерушілер, әдіскерлеріне, қосымша білім беру ұйымының басшылары мен тәрбие саласы мамандарына, техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша директорлар мен тәрбие орынбасарларына Біртұтас тәрбие бағдарламасындағы толықтырулар мен өзгерістер жайлы ақпараттық -танымдық әдістемелік сүйемелдеу жұмыстары ұйымдастырылды.
Семинарды Облыстық Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының жанынан құрылған арнайы оқытылған тренер педагог мамандар жүргізді.
Семинар барысында қатысушыларға «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі, «Менің бауырым» жобалары және қауіпсіздік сағаттары мен сынып сағаттарының жоспарлары таныстырылды.
Бағдарлама мазмұнына сай білім беру ұйымдарының барлық тәрбие жұмысының мазмұнындағы өзгерістер мен тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, құндылықтар жүйесі, әлеуметтік жобалар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.
Жалпы аудан бойынша аталған шараға 306 педагог қамтылды. Қатысушылар бағдарламаның жүйелілігі мен ерекшелігіне назар аудара отырып, өз пікірлерін мен ұсыныстарын ортаға салды.
Барша әріптестерімізді жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, толағай табыстарға, жаңалықтарға толы жыл болсын деген тілек білдіреміз! Әрбір істеріңіз сәтті болып, жаңа жетістік шыңын бағындыру жолында күш-қуат тілейміз!
 
https://www.facebook.com/shielyraioo/videos/1199527107938243