Келелі кездесуде ұлттық тәрбие, отбасылық құндылық, әке мен ананың бала тәрбиесіндегі рөлі тақырыбына қыз бала, ер бала тәрбиесіне қатысты ілкімді ойлар ортаға салынды.
Модераторлар
1) Досаев Фархат Лиясұлы - «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының директоры
2) Баймбетов Нұрлыбек Ақылбекұлы - «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының бөлім басшысы
3) Асқарова Жұлдыз Ғалымжанқызы - «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының бөлім басшысы
4) Қалиев Бағлан Аманбекұлы- «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының әдіскері
5) Сүгірбай Марат Бердібайұлы-Қорқыт ата атындағы университетінің «Дәстүрлі өнер және хореграфия» бөлімінің оқытушысы
5) Сәлімгерей Нұрым - «Әлем Барысы» турнирінің жеңімпазы
6) Басаров Әліби -жайдарманшы, блогер.
7) Қаратайұлы Шәкизат- "Сенімен Болашақ" РҚБ Қызылорда облысы бойынша филиалының басшысы.
Ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық тәрбиені бүгінгі ұрпаққа қайта жаңғырту мақсатында қолға алынған еркін форматтағы кездесулер өзге де аудандар да жалғасатын болады.
Тақырып аясында өскелең ұрпаққа жол сілтер оң пікірлер, ақыл-кеңестер, тақырыпқа сай орынды ойлар да болды. Оқушылар тарапынан жылы лебіз, пікірлер, алғыс айтылды.