"КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛА" АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ
«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адам үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз.
Осы орайда, Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла!» атты қайырымдылық акциясы өткізілуде.
Бүгінгі күні барлық білім беру ұйымындарындағы әдеби кітап қорына 1500 данадан аса кітап сыйға тартылды. Акция әлі де жалғасын табатын болады.
Құрметті оқырман, сізді де акцияға өз үлесіңізді қосуға шақырамыз!