Шиелі ауданы бойынша 40 білім беру ұйымы бар. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына сәйкес, «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну бойынша 34 білім беру ұйымында ыстық тамақ және 6 білім беру ұйымында құрғақ тамақ ұйымдастырылған. Ыстық тамақпен 3831 оқушы және құрғақ тамақпен 154 оқушы қамтылған.
ҰБТ
2022-2023 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер саны - 961.
2023 жылы ҰБТ – дің І кезеңіне аудан барлығы барлығы 815 оқушы қатысты. Жалпы орташа балл (шығармашылық емтиханды таңдаған түлектерді есепке алмағанда) 76,1 құрады.
Аудан бойынша 2022-2023 оқу жылы қорытындысымен "Алтын белгі" иегерлерінің саны - 65, үздік аттестат - 94.
Шиелі ауданы бойынша мектепке дейінгі ұйым туралы
Қазіргі таңда аудан бойынша 101 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасауда. Атап айтар болсақ, олардың 18 мемлекеттік балабақша, 75 жеке балабақша, 2 мектеп жанынан ашылған шағын орталық жұмыс жасайды. 18 мемлекеттік балабақшада – 1872 бала, 75 жеке балабақшада – 4366 бала, 9 шағын орталықта – 197 бала қамтылып отыр. Мектеп алды даярлық топта 1420 бала. Барлығы 1-6 жас аралығындағы 12560 баланың 7855-ы қамтылып (62,5 %) отыр. Оның ішінде 1-3 жас аралығында 4621 баланың 1066-ы бөбекжаймен қамтылып (23 % ) 3 пен 6 жас аралығындағы 7855 бала 100 % мектепке дейінгі ұйыммен қамтылып отыр.
2023-2027 жылдарға арналған 1-6 жастағы балалардың қамтылуын 100 % жеткізудің қадамдық жоспары әзірленген.Аталған жоспарға сәйкес 2023 жылдың сәуір айынан бастап жеке балабақшаларға 2-3 аралығындағы балаларға 380 орынға қосымша топ берілді.
2024-2027 жылдар аралығында 2600 қосымша топ ашылып, 1-6 жастағы балаларды 100 пайыз қамту мүмкіндігі бар.
Қазіргі таңда аудандағы барлық мектепке дейінгі 101 ұйымда 813 педагог қызмет (жоғары білімдісі 625, оның ішінде мектепке дейінгі 516; арнаулы орта білімдісі 188, оның ішінде мектепке дейінгі 120) атқарады.
«Шиелі ауданы бойынша білім бөлімі» КММ-нің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тәртібі бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін 2023 жылға қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» №381 бұйрығына сәйкес құжаттар қабылдап, конкурстық рәсім өткізді. Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Комиссия осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы хаттама толтырады және 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырылды.
Білім беруді басқару органы Комиссия хаттамасының негізінде атауын, бос орындар санын және байланыс деректерін көрсете отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін өзектендірді. Конкурс нәтижесінде «Береке» жеке балабақшасы сатылуына байланысты, мекен-жайы, құрылтайшысы өзгергендіктен 2023 жылдың тізбесіне енбей қазіргі таңда уақытша жұмысы тоқтаған.
Инклюзивті білім берумен қамтылған мектептер саны
Шиелі ауданында жалпы білім беретін 40 мектеп бар. Инклюзивті білім берумен қамтылған мектептер саны қазіргі таңда -35, бала бақшалар саны -18. Қызылорда облысы білім басқармасының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №03-3/5049 санды хатына сәйкес «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі №343 Заңының және «Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қызылорда облысы әкімімен бекітілген мүмкіндігі шектеулі балалар үшін инклюзивті ортаны қалыптастыру бойынша 2020-2022 жылдарға арналған өңірлік Жол картасын» орындау мақсатында бірнеше мектептерде инклюзивті кабинеттер жабдықталды.
2020 жылы Жол картасы бойынша 8 штат облыстық бюджеттен бөлініп, мектептерден инклюзивті 5-кабинеттерді дефектолог маманымен ,кабинетімен жабдықтауға (№252,251,41,148,205) 14,504(он төрт миллион,бес жүз төрт тенге) қаржы игерілді, 3 мектеп 155,159,150 дефектолог маманмен қамтылды. 2021 жылы бес кабинет (№45,№46,№127,№270,№48) жабдықталды, қаржысы 14,504(он төрт миллион,бес жүз төрт тенге) және де №47 мектептен 1 ресурстық орталық ашылды. Ресурстық орталыққа ( арнайы психолог, логопед, дефектолог, сурдо ) мамандары алынды. Қаржысы 12,000 (он екі миллион). 2022 жылы жол картасы бойынша №244, №158, №156, №149, №152 мектептерде инклюзивті қолдау кабинеттері ашылды. Қаржысы 21,000 ( жиырма бір миллион). №244, №252, №48, №149, №219 мектептерге арнайы логопед маман штаты,№40,№142 мектепке дефектолог штаты биылғы жылы бөлініп, мамандар алынды.Қаржысы 45600.
Аудан бойынша 18 мемлекеттік балабақша бар. Олардың ішінде Жол картасына сәйкес 2020 жылы 5-балабақша ( Балауса, Құлагер, Мұрагер, Аққайың, Кәусар) жабдықталды, қаржысы 25,692 (жиырма бес миллион,алты жүз тоқсан екі тенге) 2021 жылы 5 бала бақша (Нұрбөбек, Ақбота, Балдырған , Әсем ,Қарлығаш ) жабдықталды, қаржысы 15000000 (он бес миллион тенге) инклюзивті қолдау логопунк кабинеттерімен жабдықталып, арнайы мамандармен қамтылған. 2022 жылы 6 бала бақшаға («Жөлек» «Раушан, «Шұғыла», «Балбөбек», «Ақбесік», Жансая) 18,000000 ( он сегіз миллион) қаржы бөлінді,логопункт кабинетін ашуға,порталға салып енді алынып жатыр. Осыған орай, биылғы жылы 18 мемлекеттік балабақшалар инклюзивті жағдай жасау бойынша 100% қамтылып отыр.
3.Инклюзивті қолдаумен қамтылған бала саны.
2020- жылы үйден оқытылған бала саны-161,жалпы мектепте отқаны-204 болды, 2021 жылы үйден оқытылған бала саны-166,жалпы мектепте отқаны-66 болды.
2021 жылы ПМПК мекемесінен тексеруден өткен балалар саны 625 бала. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамтылған бала саны-20. Үйден оқытылатын мүмкіндігі шектеулі бала саны- 166 бала. Жалпы мектепте білім алатын ерекше қажеттілігі бар балалар саны - 209 бала. Әлеуметтік қызметпен қамтылған бала саны- 76 бала. Арнайы мектеп-интернаттарда- 4 бала. Оңалту орталығы-75 бала, ППТК-118 колледж-11 бала қазіргі таңда аталған мекемелерде арнайы түзету ,оңалту жұмыстарын алып жатыр.
Қазіргі таңда инклюзивті жағдай жасаған мектептер саны 35, қамтылу пайызы 90% құрап отыр. Арнайы мамандар 2016 жылы-1 мектепке (№50), 2017 жылы-1 (№127), 2018 жылы-1 мектепке (№46), 2019 жылы-15 мектепке (№45, №48, №47, №155, №156, №158, №157, №148, №133, №214, №270, №244, №219, №205, №149), 2020 жылы-10 мектепке (№49, №252, №181, №251, №153, №159, №152, №207, №206, №150) 2021 жылы-4 мектепке (№41, №241, №228, №243,141) 2022 жылы- 1 мектепке (№40) берілді
Мектептерде 10 логопед маман және 1 арнайы психолог,1 сурдо,1 тифло мамандары жұмыс жасайды. 2017 жылы- 1 мектепке (№127), 2020 жылы – 1 мектепке (№46), 2021 жылы-3 мектепке (№148, №156, №47) 2022 жылы-5 мектепке (№244, №252, №219, №48, №149)
Бала бақшада 13 логопед маман жұмыс жасайды. 2015 жылы-2 («Айналайын», «Жадыра»), 2019 жылы- 1 («Балбөбек», «Кәусар»), 2020 жылы-5 («Балауса», «Құлагер», «Аққайың», «Балдырған», «Мұрагер»), 2021 жылы-3 («Қарлығаш», «Әсем», «Ақбота»), 2022 жылы-1 («Нұрбөбек») балабақшаларында мамандар қамтылып, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар қамтылған.
2020 жылы-204, 2021 жылы-200, 2022 жылы-140 мұғалім инклюзивті курстан өткізілген. 2020 жылы жол картасы аясында облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға мемлекеттік сатып алу арқылы қыркүйек айында Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен келсім шарт жасалып, «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» тақырыбында 72 сағаттық курстан 150 мұғалім, 50 тәрбиеші өткізілді.Қаржысы 200 ( екі жүз мың тенге)
САТР курсы бойынша 4 арнайы маман 40 мың теңгелік курстан қараша айында өткізілді,қаржысы 200 мың тенге. 2021 жылы жол картасы аясында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен келісім шарт жасалып, 150 мұғалім , 50 тәрбиеші наурыз айында курстан өткізілді. Қаржысы 200 ( екі жүз мың тенге)
Осы жылы 2022 жылдың 14 -18 ақпан аралығында 140 мұғалім курстан өткізілді. «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» институтымен келісім жасау арқылы.Қаржысы 140 ( жуз қырық мың) Қазіргі таңда барлығы 544 мұғалім инклюзивті курстан өткізіліп отыр.
Биылғы жылы Жол картасы бойынша үйден білім алатын балаларды компенсаторлық құрылғымен қамтуға қаржы бөлінген, қазіргі таңда (Дельфа) апараты көрсетілген 11 мектепте №41, №214, №127, №148, №228, №153, №45, №155, №241,№49,№133 және де (Edu Quest) апараты 14 мектепке №41, №214,№127,№148,№228,№153,№45,№155,№241,№49,№133 алыну бойынша жұмыстар жүргізілуде.
7.Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға алған оқулықтар бойынша.
2020-2021 жылы бюджеттен 549500 тенге қаржы бөлініп, №41, №45, №46, №50, №149, №156, №158, №150, №219 мектептерге 185 дана оқулықтар таратылған. 2-сынып бойынша қазақ тілі, математика, оқу және тіл дамыту, айналадағы әлем барлығы-65 дана, 5-сынып бойынша қазақ тілі, математика, оқу және тіл дамыту, айналадағы әлем барлығы-96 дана, 7-сынып бойынша қазақ тілі, математика, оқу және тіл дамыту, жаратылыстану барлығы-24 дана. Барлық кітаптар жұмыс дәптерлерімен, әдістемелік құралдарымен таратылған.
Орта білім
Шиелі ауданыда 43 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 40 мемлекеттік күндізгі (қазақ тілінде оқытатындар - 37, аралас оқытатындар-3). 2 жекеменшік, 1 кешкі мектеп жұмыс істейді.
2022-2023 оқу жылында мектеп оқушыларының контингенті барлығы 18914 құрады, оның ішінде мемлекеттік мектептегі оқушылар саны 18626 оқушы, жекеменшік мектептердегі оқушылар саны 288 оқушы.
"Мың бала" Ұлттық зияткерлік олимпиадасының I кезеңіне аудан бойынша 120 оқушы қатысып, 46 оқушы II кезеңге өтті.
2022-2023 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер саны - 961.
2023 жылы ҰБТ – дің І кезеңіне аудан барлығы барлығы 815 оқушы қатысты. Жалпы орташа балл (шығармашылық емтиханды таңдаған түлектерді есепке алмағанда) 76,1 құрады.
Аудан бойынша 2022-2023 оқу жылы қорытындысымен "Алтын белгі" иегерлерінің саны - 65, үздік аттестат - 94.