Күн тәртібінде 2025 жылғы 1 мамырдан бастап көппәтерлі үйлерге газ жеткізуді тоқтату мәселесі қаралды. Себебі-газ реттегіш қондырғыларды қауіпсіз пайдалану мерзімінің аяқталуы және олардың одан әрі жұмыс істей алмауы. Осы мәселе бойынша Шемонаиха қаласының әкімі М.Е.Желдыбаевтың, «БЭСК» АҚ аудандық электр желілері учаскесінің шебері В.Б.Нартовтың және «Востокэнерго» ЖШС Усть-Таловка энергоцехының бастығы А. Л. Вольновтың ақпараты тыңдалды.
«Шемонаиха ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ жұмысы туралы жоспарлы мәселе тыңдалды. Ақпаратпен бөлім басшысы М. О. Шекеева сөз сөйледі.
Талқыланған мәселелердің қорытындысы бойынша ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері тиісті ұсынымдар қабылдады.