2025 жылғы 16 сәуірде Шемонаиха аудандық мәслихатының кезекті отыз екінші сессиясы өтті

2025 жылғы 16 сәуірде Шемонаиха аудандық мәслихатының кезекті отыз екінші сессиясы өтті

2025 жылғы 16 сәуірде Шемонаиха аудандық мәслихатының кезекті отыз екінші сессиясы өтті, оған Шемонаиха ауданының әкімі, онлайн режимде ZOOM қосымшасы арқылы ШҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлімдер мен басқармалардың, құқық қорғау органдарының басшылары, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері, Қоғамдық кеңес мүшелері,  партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«2024 жылғы Шемонаиха ауданы бюджетінің атқарылуы туралы есеп» мәселесі бойынша Шемонаиха ауданының әкімі Д.М. Кеңесбаев сөз сөйлеп, 2024 жылғы өз кірістері бойынша бюджеттің атқарылуына және функционалдық топтар бойынша бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуына егжей-тегжейлі талдау жасады.

ШҚО бойынша тексеру комиссиясының есебімен Шемонаиха ауданы бюджетінің атқарылуы туралы жергілікті атқарушы органның 2024 жылғы жылдық есебіне Д.Д.Ахметов сөз сөйледі, баяндамада аудан бюджетінің және төртінші деңгейдегі бюджеттің атқарылуы ұсынылды, бағдарламалық құжаттардың іске асырылуы және жекелеген бағыттар бойынша қол жеткізілген нәтижелер бағаланып,  ұсынымдар берілді.

Шығыс Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары шеңберінде Шемонаиха ауданы қол жеткізген нысаналы индикаторлар туралы аудан әкімі Д.М. Кеңесбаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Н.Калмұратов сөз сөйледі.

Аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша депутаттық корпустан бюджет, экономика, өңірлік даму және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы С.С.Омаров сөз сөйледі. Депутаттар 2024 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуына оң баға берді.

«Шемонаиха ауданының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы» және «Шемонаиха ауданының 2024 жылғы қала, кенттер және ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы» шешімдер қабылданды.

Ауданда болған кадрлық өзгерістерге байланысты кейбір дербес комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді.

Қаралған барлық мәселелер бойынша бірауыздан шешімдер қабылданды.

Сессия Facebook әлеуметтік желісінде онлайн-трансляция ұйымдастыру мен пленарлық отырыс форматында өткізілді, бұл процестің кең аудиторияға қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етті.

https://www.facebook.com/share/v/14XAbjSFPK/