2025 жылғы 8 сәуірде Шемонаиха аудандық мәслихатының отыз бірінші сессиясы өтті, оған Шемонаиха ауданының әкімі Д.М. Кеңесбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, бөлімдер мен басқармалардың, құқық қорғау органдарының басшылары, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері, қоғамдық кеңес мүшелері, партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Р. Д. Косинов № 9 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша сайланатын Шемонаиха аудандық мәслихатының депутатын сайлаудың нәтижелерімен таныстырды. Депутат Григорий Иосифович Акуловқа депутаттық куәлік пен төсбелгісін табыс етті.
Сессияда сегізінші шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының төрағасын сайлау туралы мәселе қаралды. Депутаттар Григорий Иосифович Акуловтың кандидатурасын ұсынды, шешім бірауыздан қабылданды.
Шемонаиха аудандық мәслихатының төрағасы қызметіне сайланған Григорий Акулов өз сөзінде көрсеткен сенімі үшін депутаттарға ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.
Аудан әкімі Дидар Мұхтарбекұлы Кеңесбаев сайланған аудандық мәслихат төрағасының өкілеттігіне кіруімен құттықтап, Григорий Иосифовичке ауданды дамыту жолындағы қызметіне табыс тіледі.