
2025 жылғы 27 наурызда Шемонаиха ауданының қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Қоғамдық кеңес жұмысына аудан әкімі Д. М. Кеңесбаев қатысты.
«Су тасқынына қарсы іс-шараларды орындау туралы» азаматтық қорғау және жұмылдыру дайындығы жөніндегі аудан әкімінің бас инспекторының ақпараты тыңдалды.
Ауыл халқын қолайлы өмір сүру жағдайымен қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құқықтық құжаттары қаралды:
- қалалық жағдайларда қызметтің осы түрлерімен айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленетін азаматтық қызметшілер болып табылатын мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы;
- ауданның ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету мөлшерін айқындау туралы.
Талқыланған мәселелердің қорытындысы бойынша ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері тиісті ұсынымдар қабылдады.