Шахтер күнімен!

Шахтер күнімен!

Құрметті кеншілер мен осы  саланың ардагерлері!  Кәсіби мерекелеріңіз-шахтер күні  құтты болсын! 

Тау-кен өнеркәсібінде жұмыс атқару ең маңызды және қиын жұмыстардың бірі болып табылады. Жанқиярлық және қиын еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз.

Әрбір кеншіге зор денсаулық, қиын істе табыс, отбасыларыңызға ертеңгі күнге сенімділік тілейміз. Кез келген қауіп сіздерді айналып өтсін, әрдайым бақыт, жақсылық пен бейбітшілік бола берсін.

Сіздерге күш-жігер, шыдамдылық, үлкен жеңістер мен салмақты нәтижелер,  өркендеу және отбасыларыңызға  бейбітшілік тілейміз!