VIII шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессия

VIII шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессия

2024 жылғы 9 сәуірде Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясы өтті, оған Шемонаиха ауданының әкімі, әкімнің орынбасарлары, басқармалар мен бөлімдердің басшылары, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері, партия және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Шемонаиха аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 12/3-VIII «Шемонаиха ауданының 2024-2026 жылдарға арналған қала, кенттер мен ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А. М. Самойлова жеке кірістерді ұлғайту және 2023 жылға арналған бюджетті орындау қорытындылары бойынша қалыптасқан бос қалдықтарды бөлу туралы хабардар етіп, сөз сөйледі.

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешімге өзгеріс енгізілді.

Шемонаиха ауданы бойынша жер комиссиясының құрамы бекітілді.

Қаралған барлық мәселелер бойынша бірауыздан шешімдер қабылданды.

https://www.facebook.com/100092846681089/videos/7366198566766949/