VIII шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының кезекті он бесінші сессия

VIII шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының  кезекті он бесінші сессия

2024 жылғы 29 наурызда VІІI шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының кезекті он бесінші сессиясы өтті, оған Шемонаиха ауданының әкімі, онлайн режимде Zoom қосымшасы арқылы ШҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның әкімшілік-аумақтық бірліктерінің әкімдері, ауданның басқармалары мен бөлімдерінің, құқық қорғау органдарының басшылары, партия және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«2023 жылғы Шемонаиха ауданы бюджетінің орындалуы туралы есебі» мәселесі бойынша Шемонаиха ауданының әкімі Г.И. Акулов сөз сөйлеп, 2023 жылғы табыстар бойынша бюджеттің орындалуына және функционалдық топтар бойынша бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуына толық талдау жасады.

2023 жылғы Шемонаиха ауданы бюджетінің орындалуы туралы жергілікті атқарушы органның жылдық есебіне ШҚО бойынша тексеру комиссиясының есебімен Е.Р.Адилов сөз сөйледі, баяндамада аудандық бюджеттің және төртінші деңгейдегі бюджеттің орындалуы ұсынылды, бағдарламалық құжаттардың іске асырылуы және жеке бағыттар бойынша қол жеткізілген нәтижелер бағаланды және ұсыныстар берілді.

Шемонаиха ауданы аумағында Шығыс Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары шеңберінде қол жеткізілген нысаналы индикаторлар туралы аудан әкімі Г.И. Акулов, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А. К. Ожекенова сөз сөйледі.

Аудандық бюджеттің орындалуы туралы есеп бойынша депутаттық корпустан бюджет, экономика, өңірлік даму және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі И.В.Захарова қорытынды жасады. Депутаттар 2023 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуына оң баға берді.

«2023 жылғы Шемонаиха ауданы бюджетінің орындалуы туралы есепті бекіту туралы» және «2023 жылғы Шемонаиха ауданы қаласы, кенттері мен ауылдық округтері бюджеттерінің орындалуы туралы есепті бекіту туралы» шешімдер қабылданды.

«Шемонаиха ауданында бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы», «Шемонаиха ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» және «Шемонаиха ауданының елді мекендері аумағында жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» мәселелер қаралды.

Ауданда болған кадрлық өзгерістерге байланысты кейбір дербес комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді.

Басқа да бірқатар мәселелер қаралды, олар бойынша бірауыздан шешімдер қабылданды.

https://www.facebook.com/100092846681089/videos/6579905848778701/