VIII шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс он төртінші сессиясы

VIII шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының  кезектен тыс он төртінші сессиясы

VIII шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс он төртінші сессиясы

 

2024 жылғы 20 наурызда Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс он төртінші сессиясы өтті, оған Шемонаиха ауданының әкімі, аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық бөлімдер мен басқармалардың басшылары, партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Шемонаиха аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 12/2-VIII «Шемонаиха ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А. М. Самойлова сөз сөйледі. Бюджеттің параметрлерін нақтылау үшін 2023 жылғы бюджеттің атқарылу қорытындылары бойынша қалыптасқан бос қалдықтарды бөлу, салықтық және салықтық емес түсімдерді ұлғайту және бұрын жоспарланған бюджет қаражатын қайта бөлу негіз болып табылады.

Қарастырылып отырған мәселенің қорытындысы бойынша бірауыздан шешім қабылданды.

https://www.facebook.com/100092846681089/videos/1399833510673183/