2026 жылғы 14 тамызда Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс елуінші сессиясы өтті

2026 жылғы 14 тамызда Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс елуінші сессиясы өтті

     

     2026 жылғы 14 тамызда Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс елуінші сессиясы өтті.  Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Жунусов Данияр Базаралыұлы, бөлімдер мен басқармалардың басшылары, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

     «Шемонаиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы       №43/2-VIII «Шемонаиха ауданының қаласы, кенттері мен ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «Шемонаиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 43/4-VIII «Шемонаиха ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселелері бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Самойлова А.М. баяндама жасап, аталған шешімдерге енгізілетін негізгі өзгерістер туралы ақпарат берді.

     «Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 13/4-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселе бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Елюкенова С.М. сөз сөйледі.

      Ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізілді.

      Қаралған барлық мәселелер бойынша шешімдер бірауыздан қабылданды.

      Шемонаиха аудандық мәслихатының сессиясы пленарлық отырыс форматында өтіп, Instagram әлеуметтік желісінде онлайн-трансляция ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/reel/DcAp7LKjcnH/igsh=MTlwOXJuNjBrOG9law==