Сегізінші шақырылған Шемонаиха аудандық мәслихатының кезекті қырық жетінші сессиясы 2026 жылғы 24 маусымда сағат 10.00-де «Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» ММ ғимаратында (А. Иванов атындағы көшесі, 59) мынадай күн тәртібімен өтеді:
- Шемонаиха ауданының агроөнеркәсіптік кешенінің жай-күйі мен дамуы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау жөніндегі шаралар туралы.
- Шемонаиха ауданында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.
- Әлеуметтік саясат,заңдылық, құқықтық тәртіп және депутаттық өкілеттіктер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.
- Әр-түрлі мәселелер.