2026 жылғы 13 сәуірде Шемонаиха ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

2026 жылғы 13 сәуірде Шемонаиха ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

2026 жылғы 13 сәуірде Шемонаиха ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында жоспарлы мәселелер қаралды:

2026 жылға арналған Шемонаиха ауданында оқушылар мен жастардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы. Баяндамашылар: Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Э. Б.Уябасаров, Жастар ресурстық орталығының директоры Ю. С.Морозова;

– Шемонаиха ауданында туризмді ұйымдастыру туралы. Баяндамашы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.О.Шекеева.

Қала, кенттер және ауылдық округтер бюджеттерін нақтылау мәселесі бойынша экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы А.М.Самойлова баяндама жасады.

Қоғамдық кеңес отырысына аудан әкімінің орынбасарлары Д.Б.Жунусов пен Т.М. Жигитаев қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.