2026 жылғы 2 сәуірде Шемонаиха аудандық мәслихатының кезекті қырық бесінші сессиясы өтті

2026 жылғы 2 сәуірде Шемонаиха аудандық мәслихатының кезекті қырық бесінші сессиясы өтті

2026 жылғы 2 сәуірде Шемонаиха аудандық мәслихатының кезекті қырық бесінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына Шемонаиха ауданының әкімі Дидар Мұхтарбекұлы Кеңесбаев, ZOOM қосымшасы арқылы онлайн режимде Шығыс Қазақстан облысы бойынша ревизиялық комиссияның мүшесі Данияр Дүйсенбінұлы Ахметов, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлімдер мен басқармалардың, құқық қорғау органдарының басшылары, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері, қоғамдық кеңес мүшелері, партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

2025 жылға арналған бюджеттің орындалуы, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сараптамалық-талдамалық қызметі қорытындылары бойынша берілген ревизиялық комиссия ұсынымдарының орындалуы туралы баяндамамен Шемонаиха ауданының әкімі Д.М. Кеңесбаев сөз сөйлеп, 2025 жылға арналған меншікті кірістер бойынша бюджеттің орындалуына және бюджеттің шығыс бөлігінің функционалдық топтар бойынша орындалуына жан-жақты талдау жасады.

Шемонаиха ауданы бюджетінің 2025 жылғы орындалуы туралы баяндамамен ревизиялық комиссия мүшесі Д.Д. Ахметов сөз сөйледі. Баяндамада аудан бюджеті мен төртінші деңгейдегі бюджеттің орындалуы, бағдарламалық құжаттардың іске асырылуы және жекелеген бағыттар бойынша қол жеткізілген нәтижелер бағаланып, ұсынымдар берілді.

Облыстың даму жоспарының мақсатты индикаторларына қол жеткізу және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы баяндамамен мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Р.Ф.Ахметов сөз сөйледі.

2025 жылға арналған бюджеттердің орындалуы туралы баяндамалармен Усть-Таловка кентінің әкімі Р.Ш. Абюров және Вавилон ауылдық округінің әкімі А.К. Ожекенова сөз сөйледі.

Бюджеттің орындалуы туралы есеп бойынша депутаттық корпустың қорытындысымен бюджет, экономика, өңірлік даму және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы С.С.Омаров сөз сөйледі. Депутаттар аудандық бюджеттің 2025 жылға орындалуына оң баға берді.

Шемонаиха ауданының 2025 жылға арналған аудандық бюджетінің, қала, кенттер және ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы есепті бекіту жөнінде шешім қабылданды.

«Шемонаиха ауданында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» мәселе бойынша төтенше жағдайлар бөлімінің Шемонаиха қаласындағы №28 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Д.А. Ашимхан сөз сөйледі.

Шемонаиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №42/2-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Шемонаиха ауданының бюджеті туралы» шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу және 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №43/4-VIII «2026-2030 жылдарға арналған Шемонаиха ауданының даму жоспарын бекіту туралы» шешімге өзгеріс енгізу мәселесі бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.М. Самойлова сөз сөйледі.

Шемонаиха ауданы бойынша 2026-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын бекіту туралы мәселе бойынша жер қатынастары бөлімінің басшысы С.Ю. Миненко сөз сөйледі.

Ауданда болған кадрлық өзгерістерге байланысты кейбір дербес комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді.

Қаралған барлық мәселелер бойынша бірауыздан шешімдер қабылданды.

Сессия пленарлық отырыс форматында өткізілді және instagram әлеуметтік желісінде онлайн-трансляция ұйымдастырылды instagramhttps://www.instagram.com/reel/DWnmvddjJan/?igsh=MTB4cXM0NzRkOXg3dQ==,  бұл кең аудитория үшін үдерістің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етті.