Құрметті шемонаихалықтар! Сіздерді көктемнің, табиғаттың жаңаруының, үйлесім мен достықтың мерекесі — Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті шемонаихалықтар!  Сіздерді көктемнің, табиғаттың жаңаруының, үйлесім мен достықтың мерекесі — Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті шемонаихалықтар!

Сіздерді көктемнің, табиғаттың жаңаруының, үйлесім мен достықтың мерекесі — Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз — шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жылдың бастауы ғана емес, жаңғырудың, бірлік пен жасампаздықтың белгісі, ізгілік, татулық пен берекенің мейрамы. Ол адамдарды біріктіріп, жүректерге жылу, үміт және жарқын болашаққа деген сенім сыйлайды.
Осы шуақты әрі шабытқа толы күні әр шаңыраққа бейбітшілік пен молшылық, мықты денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін!
Отбасыларыңызда әрдайым сүйіспеншілік, өзара түсіністік пен үйлесім орнап, барлық игі бастамаларыңыз лайықты жемісін беріп, ертеңгі күнге сенім ұялатсын.