2026 жылғы 16 ақпанда Шемонаиха ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

2026 жылғы 16 ақпанда Шемонаиха ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

   

Қоғамдық кеңес төрағасы Е. Григорьева қатысушыларды Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасымен таныстырды.

          Қоғамдық кеңестің жоспарлық жұмысы аясында келесі ақпараттар тыңдалды:

- Шемонаиха ауданы полиция бөлімінің аумақтағы құқық тәртібін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі  жұмыс нәтижелері туралы (2025 жылдың қорытындысы және 2026 жылға қойылған міндеттер)  басшының уақытша  міндетін атқарушы Ш.С. Асаинов хабарлады;

-   Аудандағы мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету және медициналық көмек беруді қамтамасыз ету бойынша баяндамашы болып ауданның «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Н.Н. Банникова және  ШЖҚ «Шемонаиха  аудандық ауруханасы» КМК КДК  меңгерушісі  А.Н. Строкань сөз сөйледі.

           Ауданның «Қаржы бөлімі» ММ басшысы Н.В. Троеглазова 2025 жылдың қорытындысы бойынша аудан бюджетінің табыс түсімдерін орындау және аудандық бюджеттік бағдарламаларды орындау нәтижелерімен таныстырды.

           Ауданның «Кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы Г.А. Борисова «Шемонаиха ауданы бойынша 2026 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» НҚА жобасымен таныстырды.

Талқыланған мәселелердің қорытындысы бойынша ауданның Қоғамдық кеңес мүшелері тиісті ұсыныстарды қабылдады.