Құрметті жерлестер! Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз!

Құрметті жерлестер!   Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен  құттықтаймыз!

Құрметті жерлестер! 

Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен  құттықтаймыз! 

Жаңа жыл – бұл үмітке толы уақыт, атқарылған істердің қорытындысы мен жаңа мақсаттардың бастауы. Өтіп бара жатқан 2025 жыл көптеген оң өзгерістермен есте қалды: маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды, мектептер мен денсаулық сақтау мекемелері жаңартылды, тұрғындардың бастамалары қолдау тапты. 

Барлық жетістіктеріміз – аудан тұрғындарының бірлігіне, белсенділігіне және қолдауына негізделген ортақ еңбектің нәтижесі. 

Жаңа 2026 жыл әр шаңыраққа денсаулық, амандық, тұрақтылық пен ертеңгі күнге сенім әкелсін. Баршаңызға жылылық, мейірім, отбасылық бақыт пен барлық бастамаларыңызда сәттілік тілейміз! 

Жаңа жыл құтты болсын!