
2025 жылғы 18 желтоқсанда Шемонаиха ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Қоғамдық кеңес мүшелері ауданның, қала, кент және ауылдық округтердің 2026–2028 жылдарға арналған бюджет жобаларымен танысты. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.Самойлова бюджет жобаларында барлық әлеуметтік және ағымдағы міндеттемелерді қамтамасыз ету ескерілгенін атап өтті.
Көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу, коммуналдық қызметтер көрсету және жөндеуге байланысты пәтер иелері тарапынан қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша қаулы жобалары тыңдалды. Ақпаратты «Ауданның ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынды.
Талқыланған мәселелердің қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері тиісті ұсынымдар қабылдады.