2025 жылғы 19 қарашада Шемонаиха аудандық мәслихатының бюджет, экономика, өңірлік даму және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

2025 жылғы 19 қарашада Шемонаиха аудандық мәслихатының бюджет, экономика, өңірлік даму және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

2025 жылғы 19 қарашада Шемонаиха аудандық мәслихатының бюджет, экономика, өңірлік даму және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. 

Күн тәртібінде - мемлекет мұқтажы үшін Шемонаиха қаласыгың аумағында орналасқан жер учаскелерін  иеліктен шығару туралы  мәселесі қаралды. 

Комиссия отырысына комиссия төрағасы С.С.Омаров, комиссия мүшелері Т.Н.Антропова, С.А.Журавлев, И.В.Захарова, А.Г.Кажаканов, сондай-ақ шақырылғандар -  аудандық мәслихаттың төрағасы Г.И. Акулов, Шемонаиха қаласының әкімі М.Е.Желдыбаев, жер қатынастары бөлімінің басшысы С.Ю.Миненкожәне жер учаскелерінің меншік иелері қатысты.

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару мәселесі бойынша жер қатынастары бөлімінің басшысы С.Ю.Миненко сөз сөйледі. Сергей Юрьевич жер учаскелерін иеліктен шығару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, тиісті шарт жобаларын келісуді ұсынды. 

Отырыс қорытындысы бойынша бірауыздан қаулы қабылданды.