
2025 жылғы 13 қарашада Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс қырықыншы сессиясы өтті, оған аудан әкімі Дидар Мұхтарбекұлы Кеңесбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлімдер мен басқармалардың басшылары, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері, партия және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №25/3-VIII «2025-2027 жылдарға арналған Шемонаиха ауданының қала, кенттер және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А. М. Самойлова сөз сөйлеп, 2025 жылға арналған қала, кенттер және ауылдық округтер бюджеттерін нақтылау және ұлғайту туралы хабардар етті.
Кейбір комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді.
Қаралған барлық мәселелер бойынша бірауыздан шешімдер қабылданды.
Шемонаиха аудандық мәслихатының сессиясы Instagram әлеуметтік желісінде онлайн-трансляция ұйымдастыру мен пленарлық отырыс түрінде өткізілді: https://www.instagram.com/reel/DQ_q9DjOIw/?igsh=ZWh5ZzhlaTg5bG1t