2025 жылғы 4 қарашада Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы өтті

2025 жылғы 4 қарашада Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы өтті

    2025 жылғы 4 қарашада Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы өтті, оған аудан әкімінің орынбасарлары, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері, бөлімдер мен басқармалардың басшылары, партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    «Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №25/2-VIII «Шемонаиха ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.М. Самойлова сөз сөйледі. Ол аудандық бюджеттің нақтылануы, жоғары тұрған бюджеттен трансферттердің түсуі, сондай-ақ бұрын жоспарланған қаражаттың қайта бөлінуі туралы хабардар етті.

    Кейбір комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді.

    Қаралған барлық мәселелер бойынша бірауыздан шешімдер қабылданды.

Шемонаиха аудандық мәслихатының сессиясы instagram

әлеуметтік желісінде онлайн-трансляция ұйымдастырумен пленарлық отырыс түрінде өткізілді https://www.instagram.com/reel/DQn1X6aDHJF/?igsh=MW94YTUzazhmbzFr