2025 жылғы 11 шілдеде «Шекаралық аймақтар туралы» Заңының жобасын қоғамдық талқылау өтті.

2025 жылғы 11 шілдеде «Шекаралық аймақтар туралы» Заңының жобасын қоғамдық талқылау өтті.

2025 жылғы 11 шілдеде «Шекаралық аймақтар туралы» Заңының жобасын қоғамдық талқылау өтті. «AMANAT» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі депутаттық фракциясы  аталған заң жобасын әзірлеуді бастады.

Талқылауға аудандық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және белсенді азаматтар қатысты. Қатысушылар кадрлық әлеуетті қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру және шекара маңындағы аймақ тұрғындарының өмір сапасын арттыру мәселелері бойынша өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.

Түскен барлық ұсыныстар жинақталып, заң жобасын одан әрі әзірлеу барысында қарау үшін уәкілетті органдарға жолданатын болады.