2025 жылғы 25 маусымда Шемонаиха аудандық мәслихатының кезекті отыз бесінші сессиясы өтті

2025 жылғы 25 маусымда Шемонаиха аудандық мәслихатының кезекті отыз бесінші сессиясы өтті

2025 жылғы 25 маусымда Шемонаиха аудандық мәслихатының кезекті отыз бесінші сессиясы өтті, оған аудан әкімінің орынбасарлары, бөлімдер мен басқармалардың басшылары, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері, Қоғамдық кеңес мүшелері, Білім және денсаулық сақтау саласының, партия мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Шемонаиха ауданының тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы туралы» мәселе бойынша аудандық аурухананың бас дәрігері Б.С. Таймасова сөз сөйлеп, медициналық қызметтердің сапасын арттыру, денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту, халықты білікті медициналық көмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық кадрларды тарту және бекіту бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат берді.

Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Д.Б.Жунусов «Шемонаиха ауданындағы мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары мен шешу жолдары туралы» баяндама жасады. Баяндамада мектепке дейінгі және орта білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат берілді. Педагог кадрлардың тапшылығы, мектептерді жөндеу қажеттілігі сияқты өзекті мәселелер айтылды.

«Шемонаиха ауданында шағын және орта бизнесті дамыту және кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігінің өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы» мәселе бойынша Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Д.А.Уахитов сөз сөйлеп, мемлекеттік бағдарламалар арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және консультациялық қызметтер көрсету бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ, ауданда болған кадрлық өзгерістерге байланысты кейбір комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді.

Барлық мәселелер бойынша бірауыздан шешімдер қабылданды.

Шемонаиха аудандық мәслихатының сессиясы Facebook әлеуметтік желісінде онлайн-трансляция ұйымдастырумен пленарлық отырыс түрінде өткізілді  https://www.facebook.com/share/v/15ASY7HacP/